«Е-ORDA» - бизнес-процестер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жылдам автоматтандырудың бағдарламалық платформасы

Бизнес-аналитиктердің күшімен, бағдарламалаусыз ERP-жүйелерінің құрылуын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйе-конструктор.

«Е-ORDA» платформасы көптеген автоматтандырылған бизнес-процестердің қызмет етуіне қажетті дайын жүйелі модульдерді қамтиды. Мәселен, анықтамалықтарды басқару, репликация, журнал жүгізу, конфигурациялау және басқалар.

Бұл ретте, ұйымның, кәсіпорынның (мемлекеттік органның) қолданбалы бизнес-қисынын автоматтандыру дайын шаблондарды, процестер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ретін іске асыратын көптеген дайын «қолданбалы нысандарды» баптау арқылы іске асырылады.

Әрі қарай ұсынылған қолданбалы шешімдердің барлығы «Е-ORDA» платформасында құрылған және оны конфигурациялаудың жеке жағдайы болып табылады.