«ASGARD» – мемлекеттік жүйелер мен дербес деректер үшін блокчейн фреймворк

Жеке өнім ретінде және «Е-ORDA» платформасында блокчейн технологиясының қолданылуымен конфигурацияларды (қолданбалы шешімдерді) құру үшін қолданылады.

Әртүрлі салаларда қауіпсіздік пен сенім проблемаларын шешуге және таратылған, криптографиялық қорғалған тізілімдерді құруға арналған.

Фреймворк мемлекеттік органдардың жасырын блокчейн, яғни желінің алдын ала белгілі әкімшілерімен блокчейн технологиясын қажет ететін міндеттеріне бейімделген.

 «Е-ORDA» платформасында құрылған және өзінде мемлекеттік қызметтерді көрсету хаттамаларына және кезектеріне, қаржысына қатысы бар қолданбалы шешімдердің бәрі  Asgard фреймворкын пайдаланады.