«AVALON» – бюджеттік ұйымдардың қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі туралы ақпаратқа еркін қол жеткізу

Әлеуметтік саладағы бюджеттік ұйымдардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен қаржы ағымдары туралы ақпарат пен жедел аналитиканы жариялау.

Өнім мектептер, балабақшалар, училищелер, ауруханалар, емханалар, мұражайлар, кітапханалар және т.б. осындай нысандар туралы толық қаржылық ақпаратты ашық етуге және оған талдау жасауға мүмкіндік береді.

Бағынысты ұйымдардың бухгалтерлік есеп жүйелерімен біріктіріледі және деректердің мынадай түрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • ұйымның активтері туралы мәлімет;
  • кадрлық құрамның қаржы мотивациясы;
  • ұйымның орнықтылығы;
  • қайырымдылық және демеушілік жарналар және т.б.

Нарыққа 2018 жылы шығып, қазіргі таңда жүйеде функционалдық модульдің 20 түрі бар.

Енгізілу нысандары: білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт басқармалары мен бөлімдері, ұйымдары.