Сервис саясаты

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМНІҢ МАҢЫЗЫ

Бағдарламалық өнім маңызды. Әсіресе күрделі бағдарламалық өнім. Дегенмен ол жай ғана құрал. Ол бар болғаны бөлек бір міндетті шешуге көмектеседі.

ЕҢ БАСТЫСЫ БИЗНЕС-МАҚСАТ

Бизнес-мақсаттарға әртүрлі процестерді бірлесіп орындау арқылы қол жеткізіледі. Жаңа әдіснамалар мен бағдарламалық өнімдерді енгізу, қағаз архивтерін цифрлау, пайдаланушыларды оқыту, жасанды интеллект, call-орталықтарын, sms-шлюздерін іске қосу, smm-маркетингін қолдану, аттестаттау, аккредиттеу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, хостинг, байланыс арналары және т.б.. Кешенді тәсіл ғана қойылған мақсаттарға қол жеткізуге кепілдік береді.

«БЕЛГІ ҮШІН» ЕМЕС ИННОВАЦИЯЛАР

Біз бөлек бір міндеттің шешімін іздемейміз. Коммерциялық ұсынысымыздың нысанасы сервистік қызмет, яғни әлеуметтік және экономикалық макрокөрсеткіштерге қол жеткізу бойынша іс-шаралардың кешенді жиынтығы болып табылады.

Бағдарламалық өнімдер басты құндылығымыз емес, олар сервистік қызметтің ішіндегі көптеген бөліктерінің бірі ғана.