БАҒА САЯСАТЫ

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР ТЕГІН

Біз бағдарламалық өнімдер үшін ақша алмаймыз. Қандай да бір лицензиялық алымдар да жоқ. Бағдарламалық өнімдер Тапсырыс берушілерге өтеусіз жалға алу негізінде ұсынылады. Бұл ереже «Е-ORDA» портфелінің барлық дерлік өнімдеріне қатысты қолданылады.

ҚОСЫМША СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР АҚЫЛЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Бағдарламалық өнімнің айналасындағы және оларды кешенді сервиске айналдыратын қосымша қызметтердің бәрі ақылы болып табылады. Әдетте сервис деңгейі мен құнына қарай ерекшеленетін тарифтік жоспардың бірнеше нұсқасы ұсынылады.

САПАЛЫ СЕРВИСТІҢ ҚҰНЫ ЖОҒАРЫ

Жасанды интеллект, экономикалық тиімділіктің жоғары көрсеткіштері – әрдайым қымбат. Әрбір бағдарламалық өнім үшін сервистік қызметтің құны бірыңғай тарифтік жоспарларға сәйкес бөлек есептеледі.

НӘТИЖЕ ҮШІН ТӨЛЕМ

Көрсетілген қызметтер үшін төлем белгіленген макрокөрсеткіштерге іс жүзінде қол жеткізілгені үшін жүргізіледі. Яғни, төлем нақты нәтиже үшін іске асырылады. Алдын ала төлем мен аванстық төлемдер қолданылмайды.