Бағдарламалық өнімдер тегін
Біз бағдарламалық өнімдер үшін ақша алмаймыз. Қандай да бір лицензиялық алымдар жоқ. Бағдарламалық өнімдер Тапсырыс берушіге өтеусіз жалға алу шартымен ұсынылады. Бұл ереже «E-ORDA» жиынының барлық дерлік өнімдеріне қатысты
Қосымша сервистік қызметтер – ақылы
Бағдарламалық өнімдердің айналасында құрылатын және оларды кешенді сервиске айналдыратын барлық қосымша қызметтер ақылы болып табылады. Әдетте сервис деңгейімен және бағасымен ерекшеленетін тарифтік жоспарлардың бірнеше нұсқасы ұсыналады
Сапалы сервис - бұл қымбат
Жасанды зият, экономикалық нәтиженің жоғары көрсеткіштері - бұл әрқашан қымбат. Әрбір бағдарламалық өнім үшін сервистік қызметтердің құны бірыңғай тарифтік жоспарларға сәйкес жеке есептеледі
Нәтиже үшін ғана ақша төлеу
Көрсетілген қызметтер үшін төлем белгіленген макро-көрсеткіштерге нақты қол жеткізілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Яғни нақты нәтижеге қол жеткізу бойынша әрекеттер үшін емес, ал нәтиженің өзі үшін төлем жүргізіледі. Біз алдын ала төлемдер мен аванстық төлемдерді қолданбаймыз